15 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: Qamshy.kz
Алматы облысы Көксай елдімекені маңындағы №4 блокбекетте болған жол апатына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сот алдына полицияның бұрынғы қызметкері Азат Азаматов келді. Бұл туралы tengrinews.kz мәлімдеді.
Сот отырысы Қарасай аудандық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Өйткені тараптар істің сот отырысы залында қаралуын сұраған болатын.
Бірінші болып мемлекеттік айыптаушы Арыстан Әлікенов сөз сөйледі. Прокурор сотталушы Азаматовтың көлік құралын мас күйінде басқаруға тыйым салынғанын біле тұра көлік тізгіндегенін айтты.
– Мен кінәмді толық мойындаймын. 20 мамырда жұмыстан кету туралы өтініш жаздым, 21 мамырда жұмыстан шықтым. 24 мамырда кешке сағат 23.00 шамасында достарыма, бұрынғы әріптестеріме Көксай ауылына бардым. Мен қысқа шалбарда болдым. Мағжан, Берік екеуміз көлікте отырдық, сыра іштік. Мен өзім екі-үш бөтелке сыра іштім. Содан кейін ол көлігіне барып, сол жерде ұйықтап қалды. Содан кейін ол ауруханада өз-өзіне келді. Олар маған адам қағып кеткенімді айтты. Апаттың қалай болғаны есімде жоқ, – деді сотталушы прокурордың сөзінен кейін.
Еске сала кетейік, қайғылы жол апаты осы жылдың 25 мамырында таңертең болған. BMW көлігінің мас жүргізушісі Көксай шағын ауданындағы блокпостты бұзып, патрульдік көлікке соғылған болатын. Көліктегі екі полиция қызметкері де мерт болды. Оның бірі Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза тапса, әріптесі Дастан Әбдіқанов ауруханада көз жұмған еді. Апат салдарынан үшінші полицей ауыр жарақат алып, кейін ауруханадан шығарылған болатын. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған полицейлерді марапаттаған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір